Павлодар облысында бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде биыл 463 грант және Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға 157 микрокредит беру көзделген. Бүгінгі таңда 263 грант пен 136 микрокредит берілді. Мемлекеттік қолдау алушылар өз істерін сәтті іске асыруда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.