Түркістан облысының бюджеті толықтай республикалық бюджет трансферттеріне тәуелді. Бұл аумақтық бөлінгенде негізгі өндіріс орындарының Шымкент қаласы аумағында қалып қойғанымен байланысты. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған облыс басшысы Дархан Сатыбалды осылай мәлім етті.