Түркістан облысы ауыл шаруашылығында 1 трлн теңгеден аса өнім жиналып, республикада көш бастады. Аймақтың агросаладағы жетістіктері туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған облыс басшысы Дархан Сатыбалды баяндап берді.