Елімізде жылда жиналатын бидайдың төрттен бір бөлігі Ақмола облысына тиесілі. Алайда биыл күн райының қолайсыздығы егін науқанына кері әсерін тигізді. Бұл жайында өңір басшысы Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлім етті. Әкім аграрлық сектордағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді шешу жолдары жайында баяндады.