Жамбыл облысы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, баламалы энергетика және туризмдегі әлеуетімен ғана танымал емес. Бірнеше жыл бұрын өңірде «Асар» дәстүрі қайта жаңғырды – ауылдастар бірігіп, бірінші кезекте мұқтаж жандарға: көпбалалы, сондай-ақ мұқтаж отбасыларға үй салады. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен биыл осындай 49 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. ОКҚ мен еліміздің өңірлері дайындаған келесі материал 2023 жылы Жамбыл облысы қол жеткізген нәтижелерге арналады.