Алматының жылу энергетикалық кешенінде инженерлік желілер мен жабдықтардың тозу деңгейінің төмендеуі байқалады. Алдын ала есептеулер бойынша былтыр жүргізілген жылумен жабдықтау саласындағы кезекті модернизациялау өзінің 25 жылдық қызмет мерзімін өтеген құбыр желілерінің пайызын 59,2%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды қала әкімдігі.