Өңірлердегі су тасқыны жағдайы Мемлекет басшысының бақылауында. Ұлттық волонтерлер желісі жедел штабының жұмысы аясында еліміздегі 20 аймақтың әрқайсысында өңірлік волонтерлер фронт-кеңсесі базасында call center құрылды. Зардап шеккендерге көмек көрсетіп, волонтерлерді бөлуді үйлестіру үшін бірыңғай байланыс нөмірі +7 708 706 4242 жұмыс істеп тұр. Қауіпті аймақтарда орналасқан өңірлерде гуманитарлық көмек жинау пункттері ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.