Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынына қарсы күресті тиімді үйлестіру үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына барды. Ол өңірдегі су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.