СҚО-ғы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасындағы су деңгейі сәл төмендеді. Қазір су бөгет шыңынан 3 метр 37 см асып тұр. Тәулік ішінде 19 см-ге  төмендеді. «Казгидромет» мамандарының болжауы бойынша екінші толқын, бірінші толқындай көп су әкелмейді және де үйлерді су енді баспайды. СҚО Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова ОКҚ алаңында осылай деді.