Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясын іске асыру және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын жалғастыру аясында 26 маусым мен 6 шілде аралығында субұрқақтарды, өзендер мен су айдындары жағалауларын, арық желісі, қоқыс алаңдары, ағашты санитарлық мақсатта кесу, жол инфрақұрылымын (аялдама кешендері, бағдаршам нысандары, жол көрсеткіштері мен белгілері) тазарту бойынша «Алматы Жазы» акциясы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.