Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында оқушылар мен студенттердің білім алуына жағдай жасау жұмыстарының барысымен танысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешу бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Білікті кадрлар даярлау үшін жоғары оқу орындары жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.