Балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі мен оларға көмек көрсету жүйесі құрылуда. Осы жоспар шеңберінде Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.