Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының, мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдерінің қатысуымен ағымдағы егін жинау науқанының нәтижелері талқыланып, келесі ауыл шаруашылығы жылына арналған жоспарлар белгіленді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.