Ақмола облысында дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинау науқаны аяқталып, жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда өңірде 4,7 млн гектар егіс алқабы жиналды. Гектар берекесі орташа 14 центнерден айналып, бастырылған астықтың жалпы көлемі 6,6 миллион тоннадан асты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.