Солтүстік Қазақстан облысында инклюзивті креативті индустрияны дамыту туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастыққа Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Sensitive есту қабілеті төмен бишілер театры және Ресейдің Inclusive Dance қайырымдылық қоры қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.