«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Бұқар жырау ауданында жеті ФАП, төрт дәрігерлік амбулатория және төрт медициналық пункт ашылады. Құрылыс жұмыстары басталды. Биыл Самарқанд ауылында дәрігерлік амбулатория мен Тасауыл ауылында медициналық пункт іске қосылады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды облысының ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 15 медициналық нысан салынады
Тегтер:
денсаулық сақтау