Биыл Шымкентте 978 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға өсті. Жыл соңына дейін көрсеткішті 1 миллион 360 мың шаршы метрге жеткізу көзделуде. Дегенмен, халық санының қарқынды өсуіне байланысты баспанаға деген қажеттілік өзекті болып тұр.  Әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 51 мыңнан асты. Мәселені шешу үшін 4830 пәтерлі 92 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 2094 пәтерлі 55 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл жайлы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі брифингінде хабарлады.