Түркістан облысында демографиялық өсім жоғары. Өңірдегі құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 343 млрд теңгеге жетіп, өсім 134%-ды құрады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында биыл аудан, қалаларда арендалық және ипотекалық баспаналар салынуда. Нәтижесінде, облыста кезекте тұрған 5 мыңнан аса отбасының баспана мәселесі шешіледі. Қосымша 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында осылай деді.