Шығыс Қазақстан облысы экономикасының өсуі 6,5%-ды құрады, өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті. Бұл нәтижелер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында тұрғындар үшін неғұрлым қолайлы және дамыған орта құру және инвесторлар мен туристер үшін өңірдің тартымдылығын арттыру үшін алға қойылған ұлттық даму мақсаттары мен стратегиялық бастамаларына сәйкес келеді. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында өңір әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді.