Бүгінде Алматы облысында кәсіпкерлік белсенділік қарқынды дамып келеді. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі үш мегаполистен кейін 45% көрсеткішпен, елімізде төртінші орынды иеленді. Ағымдағы жылдың 10 айында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 4,7%-ға өсіп, 143 мыңға жетті. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында осылай деді.