Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес биыл жаңа инвестициялық цикл іске қосылды. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес секторға инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы. Ағымдағы жылдың 11 айында Алматыда негізгі капиталға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.