Алматы әкімдігі білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2024 жылы 11,7 мың оқушы орнына 18 жаңа білім беру нысаны салынды. Қабылданған шаралар келесі оқу жылына орын тапшылығын «басқаруға болатын» деңгейге дейін – 3-4 мың орынға дейін төмендетеді (ағымдағы тапшылық – 29 783 орын). Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында әкім Ерболат Досаев мәлімдеді.