Осы жылы Жетісу облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 112,3%-ды құрады. Салалардың ішінде, ауыл шаруашылығындағы өсім – 3,7%, өнеркәсіпте – 3,6%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 4,4%-ды құрады, құрылыс жұмыстары – 1,4 есеге, сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды. Жыл басынан бері облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 291 млрд теңге. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында хабарлады.