Жетісуда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды. Апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылады. 2023 жылы облыста 348 пәтер апатты деп танылып, 1,3 млрд теңгеге 137 пәтер сатып алынды, биыл 2,4 млрд теңгеге 155 жаңа пәтер алынды.  Жетісу өңірінің әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ брифингінде барлығы тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.