Маңғыстау облысында әлеуметтік саланы дамыту басты назарда. 2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 211 млрд теңге қарастырылды, ол облыс бюджетінің 43%-н құрайды. Соңғы 3 жылда өңірде оқушылар саны 17 мыңға артып, мектеп қажеттілігі пайда болды. Бұл мәселені шешу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.