Президент тапсырмасы бойынша елордада Кешенді көлік жүйесін дамыту стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның міндеттерінің бірі – қоғамдық көлікті пайдаланудың үлесін 71%-ға дейін арттыру. Бұл қарбалас уақытта қозғалыс жылдамдығын ұлғайту, жайлылықты арттыру және қолжетімділікті жақсарту арқылы жүзеге асырылады. Биыл 50 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жайлы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында айтты.