Ауыл шаруашылығы Қостанай өңірі экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында ел Президентінің «Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс» деген сөздері саланы әртараптандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде негізге алынды. АӨК-ті жан-жақты мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 700 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы біздің өңірге рекордтық 175 млрд теңге бағытталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 65%-ға артық. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ көшпелі баспасөз мәслихатында хабарлады.
Биыл Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 175 млрд теңге бөлінді
Тегтер:
сот төрелігі