2025 жылы Қазақстан Арал теңізінің құрғаған ұлтанында экожүйені қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаны жалғастыруда. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілуде, оның мақсаты – қоршаған орта жағдайын жақсарту және аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.