Алматы облысы ауқымды инвестициялық жобаның алаңына айналуы мүмкін: әлемдегі қант индустриясының көшбасшыларының бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Қонаев қаласына жақын жерде қант зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.