Орал қаласындағы жылу электр орталығында қуаты 12 мегаватт болатын жаңа №1 турбина іске қосылды. Бұл турбинаның тозығы жетіп, 10 жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған. Нәтижесінде ескі турбинаның орнына 3,2 млрд теңгеге жаңа турбина сатып алынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.