Астанада өткен Халықаралық форум (AIF) аясында елімізде алғашқы халықаралық аутлет-орталығын салу туралы Бас келісімге қол қойылды. Ауқымды жоба Алматы облысында QSM тобының бастамасымен жүзеге асырылады. Жобаның стратегиялық серіктесі ретінде коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында 60 жылдан астам тәжірибесі бар австриялық Ekazent Management GmbH компаниясы таңдалды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.