Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала үнісің сен, домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Шара Ұлттық домбыра күнін кеңінен насихаттауға және қазақ халқының төл өнері мен мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.