Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруды жалғастыруда. Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысының ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры инфрақұрылымын дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.