Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен жарақталған стоматологиялық кабинет ашылды. Бұл білім беру ортасында стоматологиялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасын іске асырудың арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.