Алматыда алғашқы ірі қалалық орман тәлімбағы ашылуы мүмкін. Мамандар бұл бастаманы оңтүстік астананың экологиясы мен жасыл желек қорын молайту тұрғысынан стратегиялық маңызы бар қадам деп бағалап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігі.