Абай облысының бірнеше ауданында бір мезгілде экологиялық акциялар басталып, мыңдаған белсенділерді, қоғам өкілдерін, жастарды, мәдениет саласы қызметкерлерін біріктірді. Абай ауданында бұл бастамаға мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен жастар қосылды. Қарауыл ауылында Қарауыл төбе мен оған іргелес аумақтар тазартылып, ауылдық округтердің көшелері мен аумақтары жинастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.