Маңғыстау облысының Құрық портында Каспий теңізінде теңіз аквашаруашылығын дамытуға арналған алғашқы тор қоршамалар суға түсірілді. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы және Қазақстан теңіз аквашаруашылығын дамытудың жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.