Қостанайда вице-министр Құдайберген Арымбектің Қостанай облысы тұрғындарымен кездесуі өтті. Ашық диалог барысында ол энергетика саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы айтып өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.