Алматы облысында облыстық маңызы бар 2 қала (Алатау, Қонаев) және аудандық маңызы бар 3 қала (Қаскелең, Есік, Талғар) толықтай орталықтандырылған ауызсумен қамтылған (100%). 368 ауылдық елді мекеннің 344-і немесе 93,5%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қалған 24 ауылда (6%) жағдай келесідей: 2 ауылда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ал 3 ауылдың тұрғындары жеке ұңғымаларды пайдаланып, орталық жүйеден бас тартқан, деп хабарлайды өңір әкімдігі.