Ақтөбе облысында 2022 жылы қараша айында басталған «Ауыл аманаты» жобасы ауылды дамытудың тиімді құралдарының біріне айналды. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап жергілікті кәсіпкерлікті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл тұрғындарының табысын арттырды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.