«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Қызылорда облысында 8 жаңа дәрігерлік амбулатория салынды. Атап айтқанда, Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының жанындағы Бала би, Досбол би, Қарғалы, Ортақшыл, Алмалы, Тәжібаев, Тартоғай және Бестам елді мекендерінде бұрын жұмыс істеп тұрған дәрігерлік амбулаториялар тозған және апатты деп танылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.