Балабақшалар мен мектептер Астана, Алматы қалаларында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында ашылды. Алматыда Медеу ауданында екі білім беру нысанының техникалық ашылуы өтті – 140 орындық жаңа №195 балалар ясли-бақшасы және реконструкциядан өткен №99 мектеп. Мектепте химия, физика және биология кабинеттері, спорт залы, бейнелеу өнері кабинеті, сондай-ақ 100 орындық акт залын қамтитын инфрақұрылым жасалған. Оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: заманауи өрт қауіпсіздігі жүйесі енгізілген, дабыл датчиктері орнатылған, ғимарат сейсмикалық күшейтуге алынған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.