Қызылордада «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған Инклюзивті спорт орталығы ашылды. Жобаны іске асыруға 2 млрд 900 млн теңге бөлінді. Мұнда спортшыларға арналған волейбол, күрес, жалпы дене дайындығын жасауға арналған залдар қарастырылған. Бір мезетте 131 адамның спортпен жүйелі шұғылдануына мүмкіндік жасалған, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.