Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама шеңберінде облыстың барлық аудандары мен қалаларында жасыл желектерді күтіп ұстау, абаттандыру және тазалық шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.