Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Жерасты сулары мемлекеттік мониторинг желісінде шамамен 4 мың ұңғыма бар 29 қыркүйек

Жерасты сулары мемлекеттік мониторинг желісінде шамамен 4 мың ұңғыма бар

2040 жылға дейін қолданыстағы ұңғымаларды кезең-кезеңімен қалпына келтіру және қайта бұрғылау, сондай-ақ 1 000-нан астам жаңа ұңғыма бұрғылау көзделуде. Бұл бүкіл ел аумағындағы бақылау пунктілерінің санын 5 000-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында осылай деді.

Жер асты суларын іздеу аясында 88 жоба жүзеге аспақ 29 қыркүйек

Жер асты суларын іздеу аясында 88 жоба жүзеге аспақ

Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын ескере отырып, су қорларын кезең-кезеңімен зерттеуді, бағалауды және шаруашылық айналымға тартуды қамтамасыз ететін жерасты суларын іздеу және бағалау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Ведомство вице-министрі Талғат Момышевтың ОКҚ алаңында хабарлауынша, 2026 жылдың соңына дейін іздеу-бағалау жұмыстары бойынша 38 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Олжас Бектенов 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды: диқандар ерте қаржыландырылады 29 қыркүйек

Олжас Бектенов 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды: диқандар ерте қаржыландырылады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов аграршыларды қаржыландыруды және 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстарын алдын ала қамтамасыз етуді, сондай-ақ биылғы егінді қабылдау мен өнімді сақтауды ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.

Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды 29 қыркүйек

Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды

Қазақстанда егістік құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі бидай алқаптарының қысқаруы және майлы дақылдардың 5,2 млн гектарға дейін кеңеюіне байланысты 72%-дан 66%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.

Еліміздің барлық өңірінде «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» марафоны бастау алды 28 қыркүйек

Еліміздің барлық өңірінде «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» марафоны бастау алды

Былтыр «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» марафоны пилоттық негізде Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында жүзеге асқан. Оған 189 мыңнан астам адам қатысты. Бұны «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды 28 қыркүйек

Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары, спорттық және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 27 қыркүйек

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен қайтыс болғаннан кейін марапаттады 27 қыркүйек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен қайтыс болғаннан кейін марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Xinfa Group компаниясының президенті Чжан Гуйчунды қабылдады  2026 жылғы 25 қыркүйек 25 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаев Xinfa Group компаниясының президенті Чжан Гуйчунды қабылдады 2026 жылғы 25 қыркүйек

Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады 25 қыркүйек

Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сюэчуньді Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты 25 қыркүйек

Мемлекет басшысы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс режимі арқылы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша өнеркәсіп паркі құрылысын бастауға рұқсат берді.

Мемлекет басшысы «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумында сөз сөйледі 25 қыркүйек

Мемлекет басшысы «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумында сөз сөйледі