Өңір жаңалықтары
«Қазақстан - Қытай» форумына қатысушылар Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті
Маңғыстаудағы оқыс-оқиға: Үкіметтік комиссияның отырысы өтті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында бірінші кезектегі тергеу іс-шараларының нәтижелері және болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау жөніндегі кезекті қадамдар қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.
2026 жылғы 25 қыркүйек - Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі
Елімізде 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,6 млн га жер қайтарылды
Жер беру процесін барынша ашық ету үшін электрондық конкурстарды өткізу тәртібін реттейтін жаңа нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілуде. Бұл жөнінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.
Қазақстанда балалар арасында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ЮНИСЕФ-пен бірлескен жоба бірнеше өңірді қамтиды
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті. Тараптар «Су және білім» жобасын кеңейту мәселесін талқылады. Жоба Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып келеді. ЮНИСЕФ жобаны Түркістан облысына кеңейтуге, ал кейіннен Каспий маңы өңірлерін, соның ішінде Ақтау мен Атырау қалаларын қамтуға қолдау көрсетуге дайын, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Президент Жолдауын жүзеге асыру: ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесі екі есеге жуық артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім өндіруге кезең-кезеңімен көшу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу жобалары жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау нысанына – 10 млрд теңге, ал екінші ұшу-қону жолағына 23,5 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.
Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарлануда
Үкімет отырысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздеріндегі ағымдағы нәтижелер мен отын қорлары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.