Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Астана маңындағы ауылдың 730 абоненті газға қол жеткізді 22 қыркүйек

Астана маңындағы ауылдың 730 абоненті газға қол жеткізді

Ақмола облысының Қызылсуат ауылында газдандыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 730 абонентке табиғи газға қосылуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды 21 қыркүйек

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

25-27 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде VII Халықаралық «Voice of Turan - 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді. Қазақ әндері фестивалі - қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттайтын, Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытатын ірі мәдени жоба. Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ. Бұны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ОКҚ брифингінде айтты.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі үш есеге жуық артып, 700 мың гектардан асты 21 қыркүйек

Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі үш есеге жуық артып, 700 мың гектардан асты

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін су ресурстарын үнемдеу және заманауи суару технологияларын кеңінен енгізу міндеттерін айқындады. Үкімет су ресурстарына түсетін жүктеменің артуына байланысты аграрлық секторда суды пайдалану тәсілдерін кезең-кезеңімен жаңғыртып, су ысырабының алдын алуға және суару тиімділігін арттыруға басымдық беріп келеді. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау шаралары кеңейтіліп, суару инфрақұрылымы жаңғыртылуда, сондай-ақ суару жүйелеріне қажетті жабдықтардың отандық өндірісі дамып келеді. Егіндік суға сұранысы жоғары әрі трансшекаралық су көздеріне тәуелді өңірлерге ерекше көңіл бөлінуде. Жүзеге асырылып жатқан шаралар шаруалардың суды тиімді пайдаланатын заманауи суару технологияларына көшуіне мүмкіндік беруде, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда 18 қыркүйек

Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда

Қазақстанда жасанды интеллектіні (ЖИ) жаппай меңгеру жүйесі қалыптасып келеді. Ол әртүрлі жастағы және кәсіби топтарды – мектеп оқушылары мен студенттерден бастап мемлекеттік қызметшілерге, мамандарға және технологиялармен енді ғана танысып келе жатқан азаматтарға дейін қамтиды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жолдауларында берген тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде ЖИ-мен жұмыс істеудің базалық дағдыларын меңгеруге, оны оқу процесінде және кәсіби қызметте қолдануға, сондай-ақ өз технологиялық шешімдерін әзірлеуге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламалары, орталықтар мен цифрлық платформалар құрылуда. Сонымен қатар ЖИ саласында мамандандырылған даярлау жүйесі қалыптасып келеді. Ол студенттерді тереңдетіп оқытудан бастап ғылыми зерттеулер жүргізуге және жаңа буын мамандарын даярлауға дейінгі бағыттарды қамтиды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ақтөбе облысында желден өндірілетін электр қуаты артады 18 қыркүйек

Ақтөбе облысында желден өндірілетін электр қуаты артады

Ақтөбе облысында жел энергетикасын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде өңірде жалпы қуаты 346 МВт құрайтын бес жел электр станциясы пайдалануға берілген. Ал алдағы жылдары тағы 400 МВт жаңа қуат іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

2029 жылға дейін «Бәйтерек» холдингі құралдары арқылы қосымша $150 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр 18 қыркүйек

2029 жылға дейін «Бәйтерек» холдингі құралдары арқылы қосымша $150 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде инвестициялық саясатты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылғы желтоқсанда 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданып, «Бәйтерек» холдингі ұлттық инвестициялық холдинг болып қайта құрылды. Жаңа модель жеке және шетелдік капиталды тартуға, отандық өндірісті, инфрақұрылымды, технологияларды және шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған. 2029 жылға дейін холдинг құралдары арқылы қосымша $150 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Биыл егіс алқаптарын суару үшін 11,1 млрд текше метрден астам су пайдаланылды 17 қыркүйек

Биыл егіс алқаптарын суару үшін 11,1 млрд текше метрден астам су пайдаланылды

Ағымдағы вегетациялық кезеңге дайындық аясында болжамды су балансы ескеріле отырып, оңтүстік өңірлерде көшпелі кеңестер өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша су пайдалану лимиттері келісіліп, егіс алқаптарының құрылымы оңтайландырылды. Суды көп қажет ететін күріш дақылының егіс көлемі 21,6 мың гектарға, яғни 100,5 мың гектардан 78,9 мың гектарға дейін қысқартылды. Оның ішінде Қызылорда облысында – 10,7 мың гектарға, Алматы облысында – 3,2 мың гектарға, Түркістан облысында - 7,4 мың гектарға, Жетісу облысында – 0,3 мың гектарға азайтылды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады 17 қыркүйек

2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім алушылардың мектеп қабырғасынан бастап жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға қатысты берген тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты 16 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы, ең алдымен, қонақжайлық танытып, бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырған Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдірді.

Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді 16 қыркүйек

Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Қазақстан халқына»: СҚО-да 20,7 млрд теңгеге 25 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда 16 қыркүйек

«Қазақстан халқына»: СҚО-да 20,7 млрд теңгеге 25 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында және Тайынша ауданының Теңдік ауылында Мәдениет үйлері, сондай-ақ Уәлиханов ауданының Бидайық ауылындағы әмбебап спорт кешені пайдалануға берілді. Қор аталған әлеуметтік нысандарды заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті техникамен, жиһазбен және инвентарьмен толық қамтамасыз етті, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб жалпы құны $150 млрд-тан асатын 300-ден аса жоба бойынша инвесторлардың өзекті мәселелерін шешті 16 қыркүйек

Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб жалпы құны $150 млрд-тан асатын 300-ден аса жоба бойынша инвесторлардың өзекті мәселелерін шешті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасына ірі инвестициялар тарту бойынша міндеттер қойды. Осы тапсырмаларды орындау үшін Үкімет инвесторларды сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді жою және жобаларды жүзеге асыру шараларын жеделдету құралы ретінде инвестициялық келісімдерді қолдану бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.