Өңір жаңалықтары
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті
Абай облысының еріктілері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуде
Қарағанды өңірінде 250-ден астам волонтер жұмыс істейді
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді
БҚО-да су тасқыны жағдайына қарқынды дайындық жүріп жатыр
Бір тәулік ішінде СҚО Сергеев су қоймасындағы су 9 см төмендеді
Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы 7 ТЖ қалып отыр
Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Ақтөбе облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрхат Қалдыбаев өңірдегі жағдай туралы баяндады.
СҚО-да 10 345 адам эвакуацияланды
Ұлытау облысының аумағында су тасқыны жағдайы тұрақталды
Өңірлерде тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін жедел топтар құрылды
Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 12 – сәуірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үйді, әлеуметтік инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылық объектілерін қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмыстарды жергілікті жерлерде үйлестіру үшін 3 жедел топ құрды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастаған бірінші жедел топ кеше Ақтөбе облысына барды, одан әрі Ақмола және Қостанай облыстарына баратын болады. Бұл жайлы ҚР ӨҚМ ресми өкілі Меруерт Ибраева ОКҚ алаңында мәлімдеді.
БҚО-дағы бірнеше аудан тұрғындары шұғыл эвакуациялануы қажет
Жайық өзенінің бойына жақын орналасқан Орал қаласында және облыстың 4 ауданында су тасқыны қаупіне орай күрделі жағдай қалыптасып отыр. Мамандардың айтуынша, Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде БҚО-на жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, бүгін Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Қостанай облысы: бүгінгі таңда су тасқыны жағдайы тұрақты
Өңірдегі жағдай туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Диас Қабдушев хабарлады.