Өңір жаңалықтары
Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйледі
Президент Қазақстан мен Корея Республикасы іскерлік орта өкілдері бас қосқан жиынның қатысушыларына ілтипат білдірді.
Қазақстанда жергілікті жол желісін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда
Қазақстанда жол инфрақұрылымын дамыту кешенді түрде жүзеге асырылып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қамтиды. Республикалық жол желісінде ірі жобаларды іске асырумен қатар, елді мекендер арасындағы және өңірлер ішіндегі көлік қатынасын қамтамасыз ететін жергілікті жолдардың жай-күйіне де ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президенті әрі стратегия және жоспарлау жөніндегі бөлім жетекшісі Сунг Кимді қабылдады
Кездесуде инвестициялық және өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастық аясын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанда жаңа ауқымды жобаларды іске асыру перспективасы талқыланды. Оған корей тарапынан Hyundai Motor Group тобына кіретін Hyundai Engineering мен Kia автоконцерндерінің өкілдері қатысты.
Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы станциясы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері шеңберінде Үкімет өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды озық қарқынмен дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат Ақтөбе қаласында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасына және Ырғыз ауданындағы емханаға, Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына қосымша ғимараттар салуға бағытталды. Барлық нысандарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қарағандыда энергетикалық нысандардың жай-күйін дрондар тексеруде
Қарағандыда энергетикалық нысандарды тексеру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Қызылорда облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 12,1 млн теңгенің өнімін сатты
12-13 қыркүйек күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Екі күнде жәрмеңкеге 4,9 мыңға жуық адам барды. Жалпы өңір креаторлары 12,1 млн теңгенің өнімін сатты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ел өңірлерінде жаңа әлеуметтік, медициналық, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандар ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау саласын жаңғырту, ауылдық елді мекендерді қолдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, ел өңірлерінде бірқатар маңызды нысандар мен жобалар іске қосылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Еліміздің өңірлерінде теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жамбыл, Ақмола және Атырау облыстарында төрт – Түрксіб, Есіл, Елтай және Исатай теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Қайта жаңартудың басты міндеті – теміржол вокзалдарын жолаушылар үшін ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді ету, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Павлодарда мұз кешенін салуға 19,9 млрд теңге бөлінді
Үкімет Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері аясында өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда Павлодар қаласында көпфункционалды Мұз спорт сарайын салу жобасына 19,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жамбыл облысына екі заманауи жылжымалы медициналық кешен пайдалануға берілді
Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен екі заманауи жылжымалы медициналық кешенмен толықты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген еліміз бойынша футболды дамыту және өңірлерде спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтен Ақтөбеде жаңа футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Олжас Бектенов Президенттің медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің басшылығымен, сондай-ақ отандық IT-компаниялардың өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.