Өңір жаңалықтары
Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды
Қазақстанда вегетация кезеңі тұрақты өтіп жатыр. «Қазсушар» РМК-мен келісімшарт жасасқан барлық шаруа қожалықтары суармалы сумен уақытылы қамтамасыз етілді. Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал ауданындағы диқандар мақта жинауға кірісті, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады
Шығыс Қазақстан облысында заманауи балық өсіру және балық өнімдерін өңдеу өндірісін қамтитын кешенді инвестициялық жоба іске асырыла бастады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды
Қарағанды облысында заманауи «ЖанаLAB» зертханалық-талдау кешені іске қосылды. Оның жобалық қуаты жылына 200 мыңға дейін сынама өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл ірі геологиялық барлау және тау-кен өндіру жобаларын қажетті талдау базасымен қамтамасыз етуге жол ашады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдады.
Алматы облысында 18,1 млрд теңгеге жылыжай өндірісін дамыту жобасы қолға алынуда
Алматы облысында құны 18,1 млрд теңге болатын заманауи, толық өндірістік циклді жылыжай кешенін салуға арналған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба отандық жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, оларды сақтау инфрақұрылымын дамытуға және ішкі нарықты азық-түлік өнімдерімен қамту деңгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Маңғыстауда жаңа медициналық нысандар ашылды
Маңғыстау облысында тұрғындардың заманауи медициналық көмекке қолжетімділігі артып келеді. Өңірде 150 төсек-орынға арналған жаңа аурухана пайдалануға беріліп, ауылдық елді мекендерде төрт дәрігерлік амбулатория салынды және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда автомобиль жолдарындағы электр көліктерін қуаттандыру станцияларының желісі кеңейіп келеді
Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс істейді. Оларды дамыту өңірлер арасында қатынайтын электромобиль иелері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтары пилоттық режимде іске қосылды
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтарының жұмысын пилоттық режимде бастады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Маңғыстауда 536 км электр желісіне күрделі жөндеу толық аяқталды
Маңғыстау облысында алдағы жылыту маусымына энергетикалық инфрақұрылымды дайындау аясында электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл 536 км электр желісіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жұмыстар толық көлемде орындалды – 536 км немесе 100%, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан елдің теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстанда 33 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды
Еліміздің өңірлерінде жемшөп дайындау науқаны жалғасып жатыр. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда алдағы қысқы кезеңге қажетті жемшөптің 33,1 млн тоннасы дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 80%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жамбыл облысының креаторлары Астанада 15 млн теңгеден астам өнім сатты
5-6 қыркүйек күндері Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында Жамбыл облысының «Асқақ рухты Әулиеата» атты креативті жәрмеңкесі өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Әулиеата өңірінің шығармашылық әлеуетін танытып, жергілікті креаторлардың өнімдерін елорда жұртшылығына ұсынуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.